Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 – бабы 3 – тармағына сай, Индер аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша тиісті бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінде жаңадан құрылған 6 округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау жоспарланып отыр.
Осыған орай, кандидаттар туралы ұсыныстар 2022 жылдың 31 желтоқсаны - 2023 жылдың 14 қаңтары аралығында аудандық мәслихат аппаратына мына мекен-жайға ұсынылуы керек:
Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев көшесі 12.
Құжаттарды жинауға жауапты тұлғаның аты-жөні:
Серіков Жасұлан Серікұлы.
Байланыс телефоны: 8/71234/ 2 – 17 - 91
Электронды поштаның мекен-жайы: zh.cerikov@indermaslihat.gov.kz
Құжаттарды қабылдау уақыты: сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері сағат 9.00 дан 18.00 ге дейін.
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелігіне ұсынылған кандидаттар тізімін Индер аудандық мәслихатының хатшысы Сапаров Бағдат Шамұратұлының атына жолдайды. Оған:
1) саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың Жарғыға сай тиісті өкілеттігі бар құрылымдық бөлімшелерінің отырыстарының облыстық аумақтық сайлау комиссиясына кандидат ұсыну туралы қаулыларынан көшірмелер;
2) саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің Әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
3) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім бергендігі туралы тиісті мәслихатқа өтініші қоса тіркеледі;
4) кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі.
Индер аудандық мәслихат аппараты