Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат хатшысы 2022 жылдың 15 желтоқсан күні сағат 15.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында жетінші шақырылған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.
Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:
1.Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №80-VII «2022-2024 жылдарға арналған Индер ауданының ауылдық округтерінің және Индербор кентінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Г.Ә. Қонасова – Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2.Басқа да мәселелер.
Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2022 жылдың 15 қазан күні сағат 11.00-де аудандық мәслихат хатшысының бөлмесінде өткізіледі.
Индер аудандық мәслихатының аппараты