ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат хатшысы 2022 жылдың 13 желтоқсан күні сағат 15.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында жетінші шақырылған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХІХ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

 Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

        1.Индер аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №77-VII «2022-2024 жылдарға арналған Индер ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

        2.2023-2025 жылдарға арналған Индер ауданының бюджетін бекіту туралы.

        Баяндамашы: Г.Ә. Қонасова – Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

        3.Басқа да мәселелер.

        Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2022 жылдың 13 желтоқсан күні сағат 14.30-де аудандық мәслихат хатшысының бөлмесінде өткізіледі.

Индер аудандық мәслихатының аппараты

 

Дата публикации
09 декабря 2022