ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат хатшысы 2022 жылдың 13 қазан күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында жетінші шақырылған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХVІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

 Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

         1.Индер аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №77-VII «2022-2024 жылдарға арналған Индер ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

          Баяндамашы: Г.Ә. Қонасова – Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

           2.Басқа да мәселелер.

          Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2022 жылдың 13 қазан күні сағат 10.30-де аудандық мәслихат хатшысының бөлмесінде өткізіледі.

Индер аудандық мәслихатының аппараты

ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!
Дата публикации
07 октября 2022