Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабына сәйкес аудандық мәслихат хатшысы 2022 жылдың 27 қыркүйек күні сағат 10.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында жетінші шақырылған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХV сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.
Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:
1. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 11 қаңтардағы №249-VI «Индер аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Ә. Сакенов – аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
2. Басқа да мәселелер.
Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2022 жылдың 27 қыркүйекте сағат 09.00-де аудандық мәслихат хатшысының бөлмесінде өткізіледі.
Индер аудандық мәслихатының аппараты