ХАБАРЛАНДЫРУ
Индер ауданы бойынша №121 сайлау учаскесінің
комиссия құрамына конкурс өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10 – бабына, сәйкес Индер аудандық мәслихаты №121 сайлау учаскесі комиссиясының (одан әрі–сайлау комиссиясы) құрамы қалыптастырылатындығы туралы хабарлайды.
Сайлау комиссиясы бесі мүшеден тұрады.
Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Мәслихатпен белгiлеген, сайлау комиссиясын құру мерзiмiне дейiн он бес күннен кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініштері.
Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысаны және кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысаны Индер аудандық мәслихатының «Facebook» - «Индер аудандық мәслихаты» әлеуметтік желідегі парақшасында, сонымен қатар аудандық мәслихаттың ресми сайтында орналастырылды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі Индербор кентінің аумағында тұруға тиіс.
Мәслихатқа ұсынылған барлық құжаттар қағаз форматта қол қойылған, мөрмен расталған болуға және онда орындалған күнін, орындаушы туралы белгі, аты-жөні және оның телефон номері болуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2022 жылдың 24 тамызынан 8 қыркүйек аралығында сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін үзіліс.
Индер аудандық мәслихатының хатшысы Б.Сапаров.
Мәслихаттың орналасқан жері: Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Төленбаев көшесі 1.
Қызметтік телефон нөмірі – 8 (71234) 21056, электрондық пошта мекенжайы maslihat.inder@mail.ru