Индер аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 77-VII «2022-2024 жылдарға арналған Индер ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Индер аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Индер аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 77-VІІ
«2022-2024 жылдарға арналған Индер ауданының бюджетін бекіту туралы»
шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №
26256 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиiсiнше 1, 2 және 3-
қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2022 жылға келесідей көлемде бекiтiлсiн:
1) кірістер – 11 211 568 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 195 972 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 20 427 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 9 987 169 мың теңге;
2) шығындар – 12 141 735 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру – 7 624 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер – 36 756 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу – 29 132 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -937 791 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 937 791
мың теңге:
қарыздар түсімі – 536 756 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 29 132 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 430 167 мың теңге.».
6-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«6. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен 2
058 246 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы және нысаналы даму
трансферттері көзделгенi ескерілсін.».
7-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«7. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен 3 764
309 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері
көзделгенi ескерілсін.».
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес
жаңа редакцияда жызылсын.
2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат хатшысы Б. Сапаров