Іле ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына және «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Іле аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Іле ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Іле ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 67-268 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5798 болып тіркелген) шешімі күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тіл мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.