Іле аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 31-104 «Іле ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 Іле аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 31-104

«Іле ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         Іле аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Іле аудандық мәслихатының «Іле ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 31-104 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 176644 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кiрiстер 242 601 284 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер 227 119 971 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер 52 893 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер 2 429 023 мың теңге;

трансферттер түсiмі 12 999 397 мың теңге;

2) шығындар 244 434 352 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу (-) 7 746 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 67 275 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 75 021 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 1 825 322 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану)
1 825 322 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі 837 975 мың теңге;

қарыздарды өтеу 445 141 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 1 432 488 мың теңге.

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешiм 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі.

Іле аудандық мәслихатының төрағасы              Р. Абилова

Іле аудандық мәслхатының 2023 жылғы 10 қарашадағы № 13-41 шешімі
Дата публикации
16 ноября 2023