Өтеген батыр ауылы село Отеген батыра
Іле аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 31-104
«Іле ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Іле аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кiрiстер 242 071 204 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер 227 119 971 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер 52 889 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер 2 424 088 мың теңге;
трансферттер түсiмі 12 474 256 мың теңге;
2) шығындар 245 215 814 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу 10 234 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 77 625 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 67 391 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 3 154 844 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану)
3 154 844 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 2 159 867 мың теңге;
қарыздарды өтеу 437 511 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 1 432 488 мың теңге.
|
Іле аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Р. Абилова |