Іле аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 31-104 «Іле ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 Іле аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 31-104

«Іле ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         Іле аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Іле аудандық мәслихатының «Іле ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 31-104 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 176644 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кiрiстер 239 531 430 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер 227 211 526 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер 52 881 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер 1 123 417 мың теңге;

трансферттер түсiмі 11 143 606 мың теңге;

2) шығындар 242 676 040 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу 61 984 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 129 375 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 67 391 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 3 206 594 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану)
3 206 594 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі 2 211 617 мың теңге;

қарыздарды өтеу 437 511 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 1 432 488 мың теңге.

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешiм 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі.

 

Іле аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

 

Р. Абилова

 

№ 4-12 2023 жылы 16 мамыр шешімі
Дата публикации
25 мая 2023