Боралдай кенті көшелерін қайта атау туралы

Алматы облысы Іле ауданының

Қоғамдық кеңесі

Өтеген батыр ауылы                                        2023 жылғы 6 сәуір

Алматы облысы Іле ауданы Қоғамдық кеңесінің

«Боралдай кенті көшелерін қайта атау туралы» Боралдай кенті әкімі шешімінің жобасына 

ҰСЫНЫМДАРЫ

Алматы облысы Іле ауданының Қоғамдық кеңесі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, «Боралдай кенті көшелерін қайта атау туралы» Боралдай кенті әкімі шешімінің жобасын қарап,

ҰСЫНАДЫ:

1. «Боралдай кенті көшелерін қайта атау туралы» әзірлеуші орган Боралдай кенті әкімі ұсынған шешім жобасы өзгертулер және толықтыруларсыз қабылдансын.

2.Аталған ұсынымдар  әзірлеуші орган Боралдай кенті әкіміне жіберілсін.

3.Осы ұсынымдар «Боралдай кенті көшелерін қайта атау туралы» шешімнің жобасына міндетті  қосымша болып табылады.

Алматы облысы

Іле ауданы Қоғамдық

кеңесінің төрағасы                                                       С.Т.Закиржанов

О переименовании улиц поселка Боралдай
Дата публикации
22 мая 2023