Іле аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы

Іле аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамына

өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес Іле аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан белгілі себептерге байланысты кейбір мүшелері шығарылсын.
  2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Іле аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып кеткендердің орнына жаңа мүшелері сайлансын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың депутаттық этика, өкілеттік, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі, жұртшылықпен қарым-қатынас мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына (Д.Р. Даниярова) жүктелсін.

 

Іле аудандық

мәслихаттың төрағасы                                                                 Р. Абилова

Іле аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
17 января 2023