СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу мақсатында ӨКІМ ЕТЕМІН:

  1. Іле аудандық мәслихатының аппаратында «2» қыркүйек 2026 жылдан «30» қыркүйек 2026 жылға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  2. Ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы мынадай құрамда бекітілсін:

Жұмыс тобының төрағасы: М. Карибаев.

Жұмыс тобының мүшелері:

  • Аппарат басшысы Б. Мұсаев     
  • Бөлім басшысы А. Рахимбаева
  • Бас маман С.Ерболатұлы
  • Бас маман Ғ.Мұнасова
  • Бас маман Ұ.Еркін

 

  1. Жұмыс тобына нормативтік құқықтық актілерді және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті зерделеу, тәуекелдерді анықтау, олардың себептері мен жағдайларын айқындау және ұсынымдар әзірлеу тапсырылсын.
  2. Талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленсін.
  3. Осы өкімнің орындалуын бақылау аппарат басшысы Б.Мұсаевқа жүктелсін.

 

Мәслихат төрағасы                                                     М. Карибаев

 

Дата публикации
07 сентября 2026