Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №468 14 сәуір 2026 жыл
Хромтау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 мамырдағы №214
«Хромтау ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының
6-бабына сәйкес Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Хромтау ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамына енгізілсін:
Досмагамбетов Медет Муратович – «Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы, комиссия хатшысы.
Биржанов Куаныш Кашкинбаевич – Қоғамдық кеңес төрағасы, комиссия мүшесі.
2) Жоғарыда аталған комиссияның дербес құрамынан шығарылсын:
Аманжол Нұржан Қуандықұлы, Сатбаева Жамал Куракбаевна.
Аудандық мәслихатының
төрағасы Э.Б. Болатов