Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы № 466 2026 жыл
Хромтау аудандық мәслихатының
2025 жылғы 19 желтоқсандағы
№410 «2026-2028 жылдарға арналған
Хромтау ауданының бюджетін бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 19 974 865 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 15 554 937,7 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 35 100 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 18 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 4 366 827,3 мың теңге;
2) шығындар – 18 981 213,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 74 381 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 176 431 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 102 050 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 919 270,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 919 270,1 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 112 431 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 1 933 156,2 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 901 455,1 мың теңге.».
Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы Э.Б. Болатов