Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №465 14 сәуір 2026 жыл
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс қырық жетінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №410 «2026-2028 жылдарға арналған Хромтау аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Тлеубаев Кенжетай Алдабергенович - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2) Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 13 наурыздағы № 298 «Аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы.
Баяндамашы: Мунлыков Алмас Талгатович – Хромтау ауданы әкімі аппаратының басшысы.
3) Хромтау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 мамырдағы №214
«Хромтау ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Баяндамашы: Сарсенгалиев Ренат Сагингалиевич - Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
4) Хромтау аудандық мәслихатының депутаты Сергазин Мақсат Қайратовичтің депутаттық сауалы туралы.
Баяндамашы: Болатов Эльмурат Болатович - Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы.
5) Хромтау аудандық мәслихатының депутаты Жаналин Ұлан Мүбараковичтің депутаттық сауалы туралы.
Баяндамашы: Жаналин Ұлан Мүбаракович - Хромтау аудандық мәслихатының депутаты.
Аудандық мәслихатының
төрағасы Э.Б. Болатов