Хромтау аудандық мәслихатының №459 шешімі

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                №459                        20 наурыз 2026 жыл

 

 

Аудандық мәслихаттың кезекті

қырық алтыншы сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың кезекті қырық алтыншы сессиясының күн тәртібіне енгізілсін:

1) Хромтау аудандық мәслихатының қызметі туралы есебі.

Баяндамашы: Болатов Эльмурат Болатович - Хромтау аудандық мәслихаттың төрағасы

2) Хромтау ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы.

Баяндамашы: Сарсенгалиев Ренат Сагингалиевич – Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

3) 2026 жылы Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюдың 40-жылдығына байланысты Хромтау ауданының мұқтаж азаматтарының санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы.

Баяндамашы: Даңғаев Саламат Рүстемұлы – Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының м.а.

4) Аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 мамырдағы №189 «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау  жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы.

Баяндамашы: Жаконов Сәндібек Мұратұлы – Хромтау ауданы әкімінің орынбасары.

5) Аудандық мәслихаттың кезекті келесі сессиясының күн тәртібі туралы.

Баяндамашы: Болатов Эльмурат Болатович - Аудандық мәслихаттың төрағасы.

 

 

Хромтау аудандық                                                             

мәслихатының төрағасы                                                                       Э.Б. Болатов

 

Дата публикации
26 марта 2026