Хромтау аудандық мәслихатының
шешімі
№452 13.02.2026
Хромтау аудандық мәслихатының
2025 жылғы 24 желтоқсандағы №429
«2026-2028 жылдарға арналған Көктау
ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Көктау ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер 46 057 мың теңге;
салықтық түсiмдер 38 700 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
арнаулы түсімдер 0 теңге;
трансферттер түсімдері 7 357 мың теңге;
2) шығындар 51 527 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу 0 теңге;
бюджеттік кредиттер 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;
4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
қаржылық активтерді сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) -5 470 мың теңге;
6)бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы
(профициті) 0 теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру
(профицитін пайдалану) 5 470 мың теңге;
қарыздар түсімі 0 теңге;
қарыздарды өтеу 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 5 470 мың теңге.».
2) Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы Э.Б. Болатов