Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы № 443 6 ақпан 2026 жыл
Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы
27 желтоқсандағы №115 «Учаскелік сайлау
комиссияларының мүшелерін сайлау
туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №115 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
саяси партиялардың ұсыныстары бойынша шығып кеткен мынадай учаскелік сайлау комиссияларына мүшелері сайлансын:
№475 учаскелік сайлау комиссиясы
|
шығып кеткен Махамбетов Қият Инатұлының орнына «Ауыл» партиясы ұсынған Жетесов Нуртай Алмасовичты;
|
|
|
№476 учаскелік сайлау комиссиясы
|
шығып кеткен Суюмова Еңілікгүл Тлекбаевнаның орнына «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ Хромтау аудандық филиалы ұсынған Жақсылыкова Нурзат Амантайқызы;
|
№478 учаскелік сайлау комиссиясы
|
шығып кеткен Конуспай Ару Муратовнаның орнына «Ақ жол» демократиялық партиясы ұсынған Буккарина Батес Серикбаевнаны;
№482 учаскелік сайлау комиссиясы
шығып кеткен Алмагамбетова Ляззат Мырзатаевнаның орнына «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Хромтау аудандық филиалы ұсынған Кунтаева Лайла Мырзатаевнаны;
№560 учаскелік сайлау комиссиясы
|
|
шығып кеткен Кунтаева Лайла Мырзатаевнаның орнына «Ақ жол» демократиялық партиясы ұсынған Конуспай Ару Муратовнаны;
|
|
- Осы шешім аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жолдансын.
- Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға жатады.
Хромтау аудандық
мәслихатының төрағасы Э.Б. Болатов