Хромтау аудандық мәслихатының №442 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                №442                            6 ақпан 2026 жыл

        

 

Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы

27 желтоқсандағы №114 «Аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау

туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабының 3 тармағына және 2026 жылғы 12 қаңтардағы №3 Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №114 «Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

         аумақтық сайлау комиссиясының құрамына келесі комиссия мүшесі енгізілсін:

«АҚ ЖОЛ» партиясынан ұсынылған Махамбетов Қият Инатұлы.

  1. Осы шешім аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жолдансын.
  2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға жатады.

 

 

Аудандық мәслихаттың                                             

төрағасы                                                                                          Э.Б. Болатов

 

 

 

 

Дата публикации
23 февраля 2026