Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №440 6 ақпан 2026 жыл
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс қырық төртінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №410 «2026-2028 жылдарға арналған Хромтау аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Тлеубаев Кенжетай Алдабергенович - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2) Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №114 «Аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Дүйсембай Ақназар Қасымұлы – Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары.
3) Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №115 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Дүйсембай Ақназар Қасымұлы – Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары.
4) Хромтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №109 «Хромтау ауданы әкімдігінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Мунлыков Алмас Талгатович – Хромтау ауданы әкімі аппаратының басшысы.
Аудандық мәслихатының
төрағасы Э.Б. Болатов