Хромтау аудандық мәслихатының №434 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

шешімі

 

№434  24.12.2025 ж                                                                                                              

 

2026-2028 жылдарға арналған

Никельтау ауылының

бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 7 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының   6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Никельтау ауылының бюджеті 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер –  44 180 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсiмдер – 7 600 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер - 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 36 580  мың теңге;

2) шығындар – 44 180 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0  теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0  теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0  теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. Қазақстан Республикасының «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7-бабына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 85 000 теңге;

2) айлық есептік көрсеткіш – 4 325 теңге;

3) ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері – 50 851 теңге.

  1. 2026 жылға арналған Никельтау ауылының бюджетіне аудандық бюджеттен берілген  25 780 мың теңге соммасында субвенция көлемі  ескерілсін.
  2. 2026 жылға арналған Никельтау ауылының бюджетіне аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі 10 800 мың теңге ескерілсін.
  3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

Хромтау аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Э.Б. Болатов      

Дата публикации
25 декабря 2025