Хромтау аудандық мәслихатының №429 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

шешімі

№ 429  24.12.2025

 

2026-2028 жылдарға арналған 

Көктау ауылдық округінің

бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 7 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының   6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Көктау ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер – 146 057 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсiмдер бойынша – 38 700 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша – 0 теңге;

трансферттер түсiмдері бойынша – 107 357 мың теңге;

2) шығындар – 146 057 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0  теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0  теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0  теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. Қазақстан Республикасының «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7-бабына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 85 000 теңге;

2) айлық есептік көрсеткіш – 4 325 теңге;

3) ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері – 50 851 теңге.

  1. 2026 жылға арналған Көктау ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен 7 357 мың теңге соммасында субвенция көлемі ескерілсін.
  2. 2026 жылға арналған Көктау ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен 100 000 мың теңге соммасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу Көктау ауылдық округінің әкімінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.    

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                                       Э.Б. Болатов

Дата публикации
25 декабря 2025