Хромтау аудандық мәслихатының №427 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

шешімі

№427 24.12.2025 ж

 

 

2026-2028 жылдарға арналған 

Бөгетсай ауылдық округінің

бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 7 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Бөгетсай ауылдық округінің бюджеті  1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кірістер – 59 776 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 17 800 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 41 976 мың теңге;

2) шығындар –  59 776 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0  теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0  теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0  теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. Қазақстан Республикасының «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7-бабына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 85 000 теңге;

2) айлық есептік көрсеткіш – 4 325 теңге;

3) ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері – 50 851 теңге.

  1. 2026 жылға арналған Бөгетсай ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен 29 136 мың теңге соммасында субвенция көлемі ескерілсін.
  2. 2026 жылға арналған Бөгетсай ауылының бюджетіне аудандық бюджеттен 12 840 мың тенге соммасындағы нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.
  3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.    

 

Хромтау аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                                       Э.Б. Болатов

Дата публикации
25 декабря 2025