Хромтау аудандық мәслихатының №423 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

шешімі

№423  24.12.2025 ж.

 

 

2026-2028 жылдарға арналған 

Хромтау қаласының

бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 7 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының   6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Хромтау қаласының бюджеті  1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кірістер – 3 282 479 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 766 000 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 2 514 479 мың теңге;

2) шығындар –  3 282 479 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0  теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0  теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0  теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. Қазақстан Республикасының «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7-бабына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын:

 

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 85 000 теңге;

2) айлық есептік көрсеткіш – 4 325 теңге;

3) ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері – 50 851 теңге.

  1. 2026 жылға арналған Хромтау қаласының бюджетіне аудандық бюджеттен 2 514 479 мың теңге соммасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.
  2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.    

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                                       Э.Б. Болатов

 

Дата публикации
25 декабря 2025