Хромтау аудандық мәслихатының №419 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                 №419                 19 желтоқсан 2025 жыл

Аудандық мәслихаттың 2026 жылға

арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы

        

Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Хромтау аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
  2. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары 2026 жылға арналған жұмыс жоспарларын даярлап бекітсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына және аудандық мәслихаттың аппарат басшысына жүктелсін.

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                                     Э.Б. Болатов

 

Дата публикации
19 декабря 2025