Хромтау аудандық мәслихатының №413 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                №413                                            2025 жыл

 

Хромтау аудандық мәслихатының          2018 жылғы 30 мамырдағы №214
«Хромтау ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Хромтау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 мамырдағы №214
    «Хромтау ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1)  Хромтау ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамына енгізілсін:

      Сарсенбай Ұлмекен – «Хромтау ауданы әкімі аппаратының персоналды құрылымдық басқару бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы, комиссия мүшесі.

         Битанов Кеңшілік Касенғалиевич – Хромтау қаласы әкімінің міндетін атқарушы.

     2) Жоғарыда аталған комиссияның дербес құрамынан шығарылсын:
 Шабикбаев Сағындық Нұрғалиұлы, Баймағанбетова Дениза Серікқызы.

     

 

Хромтау аудандық

мәслихатының төрағасы                                                               Э.Б. Болатов

 

Дата публикации
19 декабря 2025