Хромтау аудандық мәслихатының №410 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

шешімі

№410                                                           19.12.2025           

2026-2028 жылдарға арналған

Хромтау аудандық бюджетін

бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 7 бабының 1-тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Хромтау аудандық бюджеті тиісінше              1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 17 699 623 мың теңге, оның ішінде:             

салықтық түсімдер – 13 489 900 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 20 100 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 18 000 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімдері – 4 171 623 мың теңге;

2) шығындар – 15 868 517 мың теңге;

3)  таза бюджеттік кредит беру – -84 750 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 17 300 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 102 050 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0  теңге;

5) бюджет тапшылығы         (профициті) – 1 915 856 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)      –                - 1 915 856 мың теңге,  оның ішінде:

қарыздар түсімі – 17 300 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 1 933 156 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте салық түсімдерінің жалпы сомасын мынадай мөлшерлерде бөлу белгіленсін:

1) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша – 100 пайыз;

2) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша – 100 пайыз;

3) төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша –100 пайыз.

  1. Қазақстан Республикасының «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7-бабына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын:

         2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:

         1) жалақының ең төменгі мөлшері – 85 000 теңге;

         2) зейнетақының ең төмен мөлшері – 69 049 мың теңге;

         3) айлық есептік көрсеткіш – 4 325 теңге;

         4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 50 851 теңге.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен аудандық манызы бар қала, ауыл, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін субвенциялар 350 350 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. 2026 жылға арналған аудандық бюджеттен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлар 4 957 101 мың теңге көлемінде ескерілсін.
  3. 6. 2026 жылға арналған аудандық бюджетке республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер түскені ескерілсін:

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға.

Аталған  кредиттердің сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте қала және ауылдық округтер бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін:

         1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге;

2) мемлекеттік органның күрделі шығыстарына;

         3) елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға;

         4) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге;

         5) елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға;

         6) аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

         7) аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер және даму трансферттердің түсімдері көзделсін:

1) электр жүйесін дамытуға;

2) кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға;

3) көлік инфрақұрылымын дамытуға;

4) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алуға;

5) көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға;

Аталған трансферттердің сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2026 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 424 742 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                                         Э.Б. Болатов

 

Дата публикации
19 декабря 2025