Хромтау аудандық мәслихатының №409 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                №409                      19 желтоқсан 2025 жыл

 

 

Аудандық мәслихаттың кезекті

қырық екінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың кезекті қырық екінші сессиясының күн тәртібіне енгізілсін:

1)      2026-2028 жылдарға арналған Хромтау аудандық бюджетін бекіту туралы.

Баяндамашы: К.А. Тлеубаев - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

2) 2026 жылға арналған Хромтау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы.

Баяндамашы: К.А. Тлеубаев - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

3)      2025-2029 жылдарға арналған Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекіту туралы.

Баяндамашы: Р. Сарсенгалиев - Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

4) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 30 мамырдағы № 214 «Аудан әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Баяндамашы: Р. Сарсенгалиев - Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

5) Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 17 ақпандағы № 129 «Мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы:   Н.Қ. Қожабеков – Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

6) Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 28 наурыздағы № 147 «Терроризмге қарсы комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

 

Баяндамашы:  А.Т. Мунлыков – Хромтау ауданы әкімі аппаратының басшысы.

7) 2026 жылға арналған Хромтау ауданының басқару схемасын бекіту туралы.

Баяндамашы:  А.Т. Мунлыков – Хромтау ауданы әкімі аппаратының басшысы.

8) Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.

Баяндамашы: У.М. Жаналин – аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

9) Аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.

Баяндамашы: Б.К. Мулдашева – аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

10) Хромтау аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

         Баяндамашы: Э.Б. Болатов – Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы.

11) Хромтау аудандық мәслихаты мен аппаратының 2026 жылға арналған құрылымын бекіту туралы.

         Баяндамашы: Э.Б. Болатов – Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы.

12) Аудандық мәслихаттың келесі кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.

         Баяндамашы: Э.Б. Болатов – Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы.

 

          

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                                       Э.Б. Болатов

Дата публикации
19 декабря 2025