Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №404 5 желтоқсан 2025 жыл
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс қырық бірінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №260 «2025-2027 жылдарға арналған Хромтау аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Тлеубаев Кенжетай Алдабергенович - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2) Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы.
Баяндамашы: Жайлыбай Санжар Абайұлы – Хромтау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.
3) Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №115 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Дүйсембай Ақназар Қасымұлы – Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары.
4) Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 27 мамырдағы №315 «Аудандық жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Баяндамашы: Елеутов Қайрат Нагашыбаевич – Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімі басшысының м.а.
Аудандық мәслихатының
төрағасы Э.Б. Болатов