Хромтау аудандық мәслихатының №383 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                             №  383                                         2025 жыл

 

Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 173 «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Хромтау аудандық мәслихатының «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 173 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №8573-04 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы»;

көрсетілген шешіммен айқындалған Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары мен мөлшерінің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидалары мен мөлшері»;

1-тармақтың 7-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне шекті жол берілетін шығыстардың үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.»;

2-тармақтың 2-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.»;

9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«9. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы                              Э.Б. Болатов

 

 

 

 

Дата публикации
25 ноября 2025