Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №381 31 қазан 2025 жыл
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс отыз тоғызыншы сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №260 «2025-2027 жылдарға арналған Хромтау аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Тлеубаев Кенжетай Алдабергенович - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2) Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 173 «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Турлыбаев Даурен Қойбағарович – Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
3) Хромтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №109 «Хромтау ауданы әкімдігінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Мунлыков Алмас Талгатович - аудан әкімі аппаратының басшысы.
4) Хромтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы №4 «Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Болатов Эльмурат Болатович – Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы.
Аудандық мәслихатының
төрағасы Э.Б. Болатов