Хромтау аудандық мәслихатының №380 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                             №   380                 24 қыркүйек 2025 жыл

 

Хромтау аудандық мәслихатының

2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 289

«2025-2027  жылдарға арналған Tасөткел

ауылдық  округінің бюджетін бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Хромтау аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Хромтау аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Тасөткел ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №289  шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1)  1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Тасөткель ауылдық округінің  бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 200 293  мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 5 174 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0  теңге;

трансферттер түсімі – 195 119 мың теңге;

2) шығындар –  201 539  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0  теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  -1 246 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  1 246 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0  теңге;

қарыздарды өтеу – 0  теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары  1 246 мың теңге.».

2) Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің  қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Хромтау аудандық

мәслихатының төрағасы                                                Э.Б.  Болатов

 

 

Дата публикации
25 ноября 2025