Хромтау аудандық мәслихатының №379 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                             №   379                  24 қыркүйек 2025 жыл

 

Хромтау аудандық  мәслихатының

2024 жылғы 27 желтоқсандағы №288

«2025-2027  жылдарға арналған Тассай

ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Хромтау аудандық маслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Тассай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №288 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2025-2027 жылдарға арналған Тассай ауылдық округінің  бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 70 332 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер –  20 100 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0  теңге;

трансферттер түсімі –  50 232 мың теңге;

2) шығындар –  72 257 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0  теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0  теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0  теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 925 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 925 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0  теңге;

қарыздарды өтеу – 0  теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 925 мың теңге.».

2) Көрсетілген шешімнің  1 қосымшасы осы шешімнің  қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Хромтау аудандық

мәслихатының төрағасы                                                Э.Б.  Болатов

 

 

 

Дата публикации
25 ноября 2025