Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №377 24 қыркүйек 2025 жыл
Хромтау аудандық мәслихатының
2024 жылғы 27 желтоқсандағы №286
«2025-2027 жылдарға арналған Никельтау
ауылының бюджетін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Никельтау ауылының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 73 888 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 5 400 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 2 300 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 200 теңге;
трансферттер түсімі – 68 488 мың теңге;
2) шығындар – 76 888 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 3 000 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 000 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 000 мың теңге.».
2) көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Хромтау аудандық
мәслихатының төрағасы Э.Б. Болатов