Хромтау аудандық мәслихатының №374 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                             №   374                      24 қыркүйек 2025 жыл

 

Хромтау аудандық мәслихатының

2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 283

«2025-2027  жылдарға арналған Қопа

ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Хромтау аудандық маслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Қопа ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 283 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
  • 1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Қопа ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 94 686 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 10 701 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0  теңге;

трансферттер түсімі – 83 985 мың теңге;

2) шығындар – 83 985 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0  теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  -3692 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3692 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0  теңге;

қарыздарды өтеу – 0  теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 692 мың теңге.».

2) көрсетілген шешімнің  1 қосымшасы осы шешімнің  қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Хромтау аудандық

мәслихатының төрағасы                                                Э.Б.  Болатов

 

 

Дата публикации
25 ноября 2025