Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №357 10 қыркүйек 2025 жыл
Аудандық мәслихаттың кезекті
отыз жетінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудан әкімі Тлеумуратов Нұрхан Жасланұлының есебі.
2) Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №260 «2025-2027 жылдарға арналған Хромтау ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Тлеубаев Кенжетай Алдабергенович - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
3) Аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 мамырдағы №189 «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
Баяндамашы: Мунлыков Алмас Талгатович – Хромтау ауданы әкімі аппаратының басшысы.
4) Аудандық маслихаттың 2024 жылғы 03 наурыздағы №145 «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі комиссия дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Мунлыков Алмас Талгатович - аудан әкімі аппаратының басшысы.
5) Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 28 наурыздағы №147 «Терроризмге қарсы комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Мунлыков Алмас Талгатович - аудан әкімі аппаратының басшысы.
6) Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 13 наурыздағы №298 «Аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Мунлыков Алмас Талгатович - аудан әкімі аппаратының басшысы.
7)Аудандық мәслихаттың кезекті келесі сессиясының күн тәртібі туралы.
Баяндамашы: Болатов Эльмурат Болатович - Аудандық мәслихаттың төрағасы.
Хромтау аудандық
мәслихатының төрағасы Э.Б.Болатов