Хромтау аудандық мәслихатының №347 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                №347                                           2025 жыл

 

Аудандық мәслихаттың кезектен

тыс отыз бесінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясының күн тәртібіне енгізілсін:

1) Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.

Баяндамашы: Турлыбаев Даурен Қойбағарович – Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

2) Хромтау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

Баяндамашы: Турлыбаев Даурен Қойбағарович – Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

3) Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы.

Баяндамашы: Жайлыбай Санжар Абайұлы – аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

 

 

Хромтау аудандық                                                           

мәслихатының төрағасы                                                           Э.Б. Болатов

 

Дата публикации
18 августа 2025