Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №289 «2025-2027 жылдарға арналған Tасөткел ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хромтау аудандық мәслихатының

2024 жылғы 27 желтоқсандағы №289

«2025-2027  жылдарға арналған Tасөткел

ауылдық  округінің бюджетін бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Хромтау аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Тасөткел ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»2024 жылғы 27 желтоқсандағы №289 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсі:

1) көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

2) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:       

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Тасөткел ауылдық округінің  бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 170 269,0  мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 750,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0  теңге;

трансферттер түсімі – 166 519,0 мың теңге;

2) шығындар –  171 515,0  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0  теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  -1 246,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  1 246,0 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0  теңге;

қарыздарды өтеу – 0  теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары  1246,0 мың теңге.».

          3) көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

                   Хромтау аудандық

              мәслихатының төрағасы                                                     Э.Б. Болатов

Дата публикации
10 июля 2025