Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №288 «2025-2027 жылдарға арналған Тассай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хромтау аудандық  мәслихатының

2024 жылғы 27 желтоқсандағы №288

«2025-2027  жылдарға арналған Тассай

ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Хромтау аудандық маслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Тассай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №288 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

         1) көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

2) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: 

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Тассай ауылдық округінің  бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 57 832 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер –  17 600 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0  теңге;

трансферттер түсімі –  40 232 мың теңге;

2) шығындар –  59 757 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0  теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0  теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0  теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 925 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 925 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0  теңге;

қарыздарды өтеу – 0  теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 925 мың теңге.».

         3) көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

                                                             

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

Э.Б. Болатов



Дата публикации
10 июля 2025