Хромтау аудандық мәслихатының
2024 жылғы 27 желтоқсандағы №284
«2025-2027 жылдарға арналған Құдықсай
ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
2) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Құдықсай ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер 45 955 мың теңге;
салықтық түсiмдер 3 750 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер 0 теңге;
трансферттер түсiмi 42 205 мың теңге;
2) шығындар 50 255 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу 0 теңге;
бюджеттік кредиттер 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
қаржы активтерді сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 4 300 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын
қаржыландыру (профицитін пайдалану) 4 300 мың теңге;
қарыздар түсімі 0 теңге;
қарыздарды өтеу 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 4 300 мың теңге.».
3) көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы Э.Б. Болатов