Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №282 «2025-2027 жылдарға арналған Көктөбе ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хромтау аудандық мәслихатының

2024 жылғы 27 желтоқсандағы №282

«2025-2027 жылдарға арналған Көктөбе

ауылдық округінің бюджетін бекіту

туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Хромтау аудандық маслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Көктөбе ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №282 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

         2) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

         «1. 2025-2027 жылдарға арналған Көктөбе ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 31 767 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 10 000 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 21 767 мың теңге;

2) шығындар –  32 946 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 179 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 179 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

 қарыздарды өтеу – 0 теңге;

  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 179 мың теңге.».

         3) көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

                                 

 

 

Хромтау аудандық

мәслихаттың төрағасы                                                               Э. Б. Болатов

Дата публикации
10 июля 2025