Хромтау аудандық мәслихатының
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№276 «2025-2027 жылдарға арналған
Абай ауылдық округінің бюджетін бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
2) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Абай ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 72 178 мың теңге:
салықтық түсімдер – 11 450 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 60 728 мың теңге;
шығындар – 74 178 мың теңге;
таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
бюджет тапшылығы (профициті) – - 2 000 мың теңге;
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 000 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2 000 мың теңге.».
3) көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Хромтау аудандық
мәслихатының төрағасы Э.Болатов