Хромтау аудандық мәслихатының
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№275 «2025-2027 жылдарға арналған
Хромтау қаласының бюджетін бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
2) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Хромтау қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 3 106 429 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 665 610 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 2 438 819 мың теңге;
2) шығындар – 3 426 394 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -319 965 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 319 965 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 319 965 мың теңге.».
3) көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Хромтау аудандық
мәслихатының төрағасы Э.Болатов