Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №260 «2025-2027 жылдарға арналған Хромтау ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хромтау аудандық мәслихатының

2024 жылғы 24 желтоқсандағы

№260 «2025-2027 жылдарға арналған

Хромтау ауданының бюджетін бекіту

туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

                                                      

Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Хромтау аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Хромтау ауданының бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №260 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

2) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 20 196 809 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 14 694 900 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 15 100 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5 477 809 мың теңге;

2) шығындар –  22 215 266,6  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 124 902 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 175 724 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 50 822 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2 143 359,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –               2 143 359,6 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 175 724 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 50 822 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2 018 457,6 мың теңге.».

          3) көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Хромтау аудандық

мәслихатының төрағасы                                                    Э.Болатов

Дата публикации
04 июля 2025