Хромтау аудандық мәслихатының №324 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                             №324                                     25 маусым 2025 жыл

 

Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы

27 желтоқсандағы №115 «Учаскелік сайлау

комиссияларының мүшелерін сайлау

туралы» шешіміне өзгерістер

енгізу туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабының 3 тармағына  және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №115 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

         саяси партиялардың  ұсыныстары  бойынша  шығып кеткен мынадай учаскелік сайлау комиссияларына мүшелері  сайлансын:

№462 учаскелік сайлау комиссиясы

           шығып кеткен Кунтаев Ардак Мырзатаевичтың  орнына «АMANAT»      партиясы ұсынған Муздакова Армангуль Жараскановнаны.

  1.   Осы шешім аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жолдансын.
  2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға жатады.

 

 

Хромтау аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                        Э. Болатов

Дата публикации
04 июля 2025