Хромтау аудандық мәслихатының №322 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 

Хромтау қаласы                                №322                                 25 маусым 2025 жылы

 

Аудан әкімдігінің 2024 жылға арналған

аудандық бюджеттің атқарылуы

жөніндегі есебін бекіту туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 132 бабының 3 тармағына,  Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысына және «2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» «Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы К.Тлеубаевтың есебіне сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудан әкімдігінің 2024 жылғы аудандық бюджеттің кірістері бойынша 14 830,1 млн.тг, алынған ресми трансферттер бойынша 3 722,1 млн.тг, шығындар бойынша 19 321,5 млн.тг, таза бюджеттік кредиттер беру бойынша 447,9 млн.тг, қаржы активтер  операциялардың қалдығы бойынша 0,0 теңге, бюджеттің дефицитін қаржыландыру 1 217,3 млн.тг, орындалуы туралы есебі бекітілсін.
  2. 2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы назарға алынсын.
  3. Аудан әкімдігіне:

1) бюджетке салықтық және басқа міндетті төлемдердің түсуін толық қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру;

2) мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарды ұстауға қаралған қаржыларды толық және нысаналы шығындауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

  1. «Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-не, Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысында көрсетілген кемшіліктерді жою мақсатында іс-шаралар қабылдансын.

 

 

 

Аудандық мәслихаттың                                

төрағасы

                                                                                                        Э.Болатов

 

Дата публикации
04 июля 2025