Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №321 25 маусым 2025 жыл
Аудандық мәслихаттың кезекті
отыз екінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Аудан әкімдігінің 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебін бекіту туралы.
Баяндамашы: Кенжетай Тлеубаев - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2) Депутаттық сауал.
Баяндамашы: Фархат Сағынбай - Хромтау аудандық мәслихатының депутаты.
3) Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №115 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Эльмурат Болатов - Аудандық мәслихаттың төрағасы.
4) Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №335 «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Эльмурат Болатов - Аудандық мәслихаттың төрағасы.
5) Ақтөбе агломерациясының 2025 – 2029 жылдарға арналған кешенді даму жоспарын келісу туралы.
Баяндамашы: Кенжетай Тлеубаев - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
6) Аудандық мәслихаттың кезекті келесі сессиясының күн тәртібі туралы.
Баяндамашы: Эльмурат Болатов - Аудандық мәслихаттың төрағасы.
Хромтау аудандық
мәслихатының төрағасы Э.Б. Болатов