Хромтау аудандық мәслихатының №311 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                №311                                           2025 жыл

 

Аудандық мәслихаттың кезектен

тыс отызыншы сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отызыншы сессиясының күн тәртібіне енгізілсін:

1) Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 тамыздағы № 212 «Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Баяндамашы: Турлыбаев Даурен Қойбағарович – Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

2) Хромтау ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы.

Баяндамашы: Отарбай Алиаскар Баймаханулы – Хромтау аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

 

 

Хромтау аудандық                                                          

мәслихатының төрағасы                                                           Э.Б. Болатов

Дата публикации
03 июня 2025